5-сыныпта қазақ тілінен ашық сабақ өтті
«Көшпелілер деген кімдер? Олардың мəдениеті қандай? Олар немен шұғылданды?» деген сұрақтарға жаңартылған бағдарлама бойынша білім алып жатқан 5-орыс сынып оқушылары қазақ тілі жəне əдебиет сабағында жауап іздеді. Сабақ барысында балалар ғаламтор желсінен видеоролик қарап, постер жасады. «Ыстық орындық» əдісі арқылы бір — біріне сұрақ қойып, өзара ақпаратпен бөлісті. Ұлы сақ патшайымы Томирис жайлы көптеген мəліметтер біліп, білімдерін толықтырды. Сабақ соңында бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.