Кемеңгер ЖОББМ-де қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті. Онкүндіктің бірінші күнін ұстаздар мен оқушылар «Қара жорға» биімен ашты. Сонымен қатар мектепішілік жиылыста салтанатты ашылуы болып, қазақ халқының дәстүрі бойынша шашу шашылып, оқушылар мен мұғалімдерді онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Үлкен үзіліс уақытында «Бауырсақ-Parti» сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Оқушылар тарих, тіл және әдебиет тақырыбында қойылған сұрақтарға жауап беріп, тәтті бауырсақтан дәм татып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

Абай Кунанбаеву 175 лет

Женіс лентасы

ҚР конституциясының 25 жылдығы

Балалар жылы
