image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Кеменгер жалпы орта білім беру мектебі» КММ Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына конкурс жариялайды

18.03.2024


1 Білім беру ұйымының атауы «Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

 лауазымына конкурс жариялайды

 

 

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы 140008, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы,  Кемеңгер  ауылы, Тәуелсіздік,  көшесі 34

 

Телефон нөмірлері 8 (71845) 53497
Электрондық пошта kemenger@mail.kz
2 Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктемесі Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 1 жүктеме

 

 

 

Негізгі функционалдық міндеттері —       тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

—       тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

—       аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;

—       тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;

—       тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

—       педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

—       тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

—       білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

—       психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;

—       мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

—       білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

—       тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

—       киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);

—       білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;

—       кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;

—       есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

—       ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;

—       мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;

—       «Қоғамға қызмет ету», «Отанға тағзым», «Үлкендерге құрмет», «Анаға құрмет» қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

—       адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде «өзін-өзі тану» пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;

—       білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

—       педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;

—       білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;

—       туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;

—       білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

—       білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 

Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары — еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді;

— жоғары білім (min): 200.000-250. 000 теңге.

3 Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары —  тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

— және (немесе) білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы не «педагог – сарапшы» біліктілігінің болуы немесе «педагог – зерттеуші» немесе «педагог – шебер» біліктілігінің болуы.

 

4 Құжаттарды қабылдау мерзімі 18.03 -28.03.2024 жылы
5 Қажетті құжаттар тізбесі 1) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша  Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары

көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ), педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік;

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе

уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;

6 Бос лауазымның мерзімі 1 жыл