«Кеменгер жалпы орта білім беру мектебі» КММ Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына конкурс жариялайды
1 | Білім беру ұйымының атауы | «Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына конкурс жариялайды
|
Орналасқан жері, пошталық мекенжайы | 140008, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Кемеңгер ауылы, Тәуелсіздік, көшесі 34
|
|
Телефон нөмірлері | 8 (71845) 53497 | |
Электрондық пошта | kemenger@mail.kz | |
2 | Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктемесі | Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 1 жүктеме
|
Негізгі функционалдық міндеттері | — тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
— тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады; — аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; — тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді; — тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады; — педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; — тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді; — білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді; — психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді; — мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; — білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады; — тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады; — киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар); — білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді; — кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді; — есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді; — ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;; — мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады; — «Қоғамға қызмет ету», «Отанға тағзым», «Үлкендерге құрмет», «Анаға құрмет» қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.; — адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде «өзін-өзі тану» пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды; — білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді; — педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды; — білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады; — туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады; — білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді; — білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
|
|
Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары | — еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді;
— жоғары білім (min): 200.000-250. 000 теңге. |
|
3 | Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары | — тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
— және (немесе) білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы не «педагог – сарапшы» біліктілігінің болуы немесе «педагог – зерттеуші» немесе «педагог – шебер» біліктілігінің болуы.
|
4 | Құжаттарды қабылдау мерзімі | 12.08 -30.08.2024 жылы |
5 | Қажетті құжаттар тізбесі | 1) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;. 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ), педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік; 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы; |
6 | Бос лауазымның мерзімі | 1 жыл |