image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Атадан жалғасқан дәстүр…

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» жобасының ұлттық мәдени мұра бағыты бойынша және ауданымыздың 90-жылдығына орай,  Наурыз мейрамына қарсы Мичурин мектебінде ауылдың шеберлері оқушыларға өз өнерлерін паш етті. Ауылымыздың құрметті азаматтары, бес саусағынан өнерлері тамған, Мичурин ауылдық аймағының жергілікті қоғам төрағасы Қ.Қ. Рақымжанов,  ауылдың әйелдер лигасының белсенді мүшелері Апи Шәмшия, Қани Күріш апаларымыз өнерлерін көрсетіп, балаларға мәдени мұраның тылсымдарын үйретуге тырысты. Олар оқушыларға ағаштан ою ойып, кесе, астау, ожау іспетті ыдыс-аяқтарын жасау,  тоқыма-тігін өнерін, зерделеу, жіп иіру, кесте тігу шеберліктерін жайды.

Қызығушылықтары асқан балалар, тәжірибе жүзінде қолдарына алғаш рет ағаш, ине, ши, кестені алып, апалармен атамыздың жолын қуамыз деген ниеттерін білдірді.

 

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Макашева Айнагуль Рамазановна