Ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында 2024 жылдың
Ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында 2024 жылдың
6 желтоқсанында Мичурин ЖОББ мектебінде «Логикалық ойлауды үйрету» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналысқа жауапты, бастауыш сынып мұғалімі Л.Х. Исабаева бастауымен жоспарланған бағдарламаны іске асыру аясында көптеген логикалық ойын түрлерін практикада бастауыш сынып мұғалімдері Ж.Т. Шакутова мен С.Е. жалғастырып өткізді. Ата-аналар, баланың логикалық ойлауын дамыта отырып, негізгі аспектілерімен танысты. Жиналыс ата-анадан ұстазға хат жазу арқылы игі тілектер білдіріп, кішігірім фуршетпен тамәмдалды. Қорыта келе, баланың логикасы мен ойлауын дамытумен үйде яғни, отбасында айналысып қызығушылықтары артатынына кәміл сенеміз. Ұстаздар тарапынан ата-аналарға деген алғыс тілектер мен келесі жиналыста кездесуді күтетіндіктері айтылды.