image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Ашық диктант

Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі өңірлік әкімдіктермен бірлесе Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында өтетін жалпықазақстандық диктант өткізу жоспарланды. Мичурин жалпы орта білім беру мектебінде 2024 жылғы 5 қыркүйек күні сағат 11:00-де барлық өңірлермен бірге диктант жазғызылды. Мақсаты: Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту. Жастарды жалпықазақстандық ашық диктант жазғызу арқылы қатыстыру. Көрнекті қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың қазақ тарихында алар орны ерекше. Көпшілік оның қоғамдық-саяси өмірі жайлы біле бергенімен, оның жеке өмірі, ұрпақтары жайлы біле бермейді. Елімізде 30 мамыр саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні деп белгіленген. Өкінішке қарай, сол жылдары саясаттың құрбаны болғандардың саны әлі күнге дейін белгісіз. Осы және басқа мәліметтер оқушылардың естерінде қалуы үшін мектебіміздің мемлекеттік тілде білім алатын 5-10 сыныптардағы 103 оқушы арасында аталған диктантты жаздыру жұмысы ұйымдастырылды.