image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Коронавирус — жаңа вирус туралы не белгілі.

Коронавирус  — жаңа вирус туралы не белгілі.

 

Пневмонияны тудыратын коронавирустың жаңа штаммы Қытайда табылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Ухань базарында сатылатын ақ дельфинның, жарғанаттың, жыландардың, ор қояндар немесе тауықтардың еті коронавирустың көзі болуы мүмкін. Жаңа вирусқа 2019-nCoVаббревиатурасы берілді. Сырқаттың симптомдарына жоғары температура, жөтел, қинала тыныс алу жатады.

Қытай билігі жаңа вирустың адамнан адамға берілуге қабілетті екендігін растады.

ДДҰ есептеулері бойынша Уханьда, Пекинде, Шанхайда, Гуандунпровинциясында коронавирусты жұқтырудың 200-ден астам жағдайы тіркелген. Вирус ҚХР аумағынан тыс шықты — Оңтүстік Кореяда, АҚШ, Жапонияда жаңа вируспен сырқаттанудың бір жағдайы тіркелген, Таиландта екі науқас анықталды. Өліммен аяқталу фактілері белгіленді.

Қазақстандық әуежайларда жоғары температурамен келген адамдарды анықтау үшін Қытайдан келгендерді тепловизордың көмегімен тексеруде. Алайда, бұл шара инкубациялық кезеңдегі сырқатты анықтауға мүмкіндік бермейді.

Коронавирустық инфекция — бұл тыныс алу жолдарының басым түрде зақымдануымен, коронавирус нұсқасы2019-nCoVвирусы тудыратын жіті инфекциялық сырқат. Екі тұқымдас тармаққа бөлінген, 38 вирустан тұратын тұқымдас ерекшеленеді. Көзі жануарлар болып табылады. Короновирустар үй жануарларын, құстарды, шошқаларды, ірі қара малды зақымдайды. Олар жануарлардан адамға берілетін зоонозды вирустар болып табылады.