image
Адал Азамат
image
image
Чистый Казахстан
image
ГОД РАБОЧИХ ПРОФЕССИЙ

Мичурин мектебінде түсіндіру жұмысы өткізілді Мектепте оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында түсіндіру әңгімесі өткізілді. Оқушыларға кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуынсыз көңіл көтеру орындарында, монша мен өзге де нысандарда болуға тыйым салынатыны, сондай-ақ алкоголь мен темекі өнімдерін тұтынуға жол берілмейтіні түсіндірілді. Сонымен қатар, өзара сыйластық, әдептілік және әлеуметтік, ұлттық немесе діни араздықты қоздыруға болмайтыны жөнінде де айтылды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың жауапкершілігін арттырып, заңды сақтау мен өз қауіпсіздігіне мұқият қарауға тәрбиелейді.