Қараша айындағы “Ұлттық Style” облыстық жобасының тақырыптық модулі шоппер, кросс-боди және спорттық сөмкелерді пішуге арналды
Қараша айындағы “Ұлттық Style” облыстық жобасының тақырыптық модулі шоппер, кросс-боди және спорттық сөмкелерді пішуге арналды. Бұл бұйымдар ұлттық ою-өрнектермен безендірілуі тиіс.
Мичурин мектебінде шеберлік сабағын ісмер Асимхан Гүлмайра өткізді. Шебер сөмкелерді әсемдеуге ұсынылатын бірқатар ою-өрнектерді көрсетіп, бұйымдарды пішудің тәсілдерімен бөлісті.
Шеберлік сабағына 5–9 сыныптың қыздары қатысып, өздерінің этно-сөмкесін тігуге үлкен қызығушылық танытты.



