Құстарға қамқорлық – ізгілік белгісі!
Құстарға қамқорлық – ізгілік белгісі!
Апта жоспарын орындау шеңберінде Мичурин орта мектебінің 6-сынып оқушылары бейнелеу өнері және технология сабағында өз қолдарымен құстарға арналған жемсалғыш жасады.
Бұл игі іс — табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты үйрететін маңызды тәжірибе.
Қыстың суығында қанаттыларға азық болар бір уыс дән – үлкен жақсылықтың бастауы.
Балалар өз қолдарымен жасаған еңбектері арқылы мейірімділік пен жауапкершілікті сезінді.



