image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Ұлыстың Ұлы күні — достық пен татулық мерекесі

16 наурыз күні Мичурин жалпы орта білім беру мектебінде « Ұлыстың Ұлы күні — достық пен татулық мерекесі « атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға 5-7 сынып оқушылары ат салысты. Той қазақ халқының ежелгі дәстүрі бойынша наурызды қарсы алу рәсімімен басталды. Тойға Наурыз аруы батасын беріп, шашу шашылды. Бұл күні сахна төрінде әр ұлт өкілдері өз салт-дәстүрлерін, әсем әндерін, мың бұралған билерін, ұлттық тағамдарымен таныстырды. Балалар өз өнерлерін аямады: биледі, ән айтты, сахналық көріністер көрсетті, әр ұлттың бүгінге дейін келе жатқан салт-дәстүрлерін шамалары келгенше тамашалады. Бағдарлама барысында ұлттық ойындар мен әдемі ұлттық киімдер көрсетілді. Сынып оқушылары қабырға газеттерін  жасап сахнаны безендірді. Осылайша мектеп оқушылары келген қонақтарға мерекелiк көңiл-күй сыйлады. Жас әртістердің шығармашылық қабілеттерін бағалап отырған әділ-қазылар жұмыс істеді.

Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауімі оқушыларға осындай үлкен іс-шараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді. Ұлыстың Ұлы күні достық пен татулық насихатталып, ақ тiлектер айтылды. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қойған жоқ, барша азаматқа  жақсылық пен көктей көгеріп-өсе беруді тіледі. Егеменді елімізде бір шаңырақ астында өмір сүретін халықтардың бiрлiгi мен татулығы нығайып, елiмiздiң көк байрағы биiктерден көрiне берсін!

 

 

Сынып жетекшілер Селиканова К.Р., Мамытова А.Ж.