image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Ұлы Жеңіске дейін 75 күн» аудандық акцияның өткізілуі туралы ақпарат

Өткізілу орны: «Павлодар ауданының Мичурин орта жалпы білім беру мектебі» ММ

25 ақпан күні Павлодар ауданында «Ұлы жеңіске дейін 75 күн» атты акция бастау алды. Акцияның авторы мен ұйымдастырушысы Мичурин мектебі болды. Акцияның мақсаты Ұлы Отан соғысы туралы білу, жеңістің бағасы мен құндылығы, өскелең ұрпаққа соғыста қаза болған қаһармандарға құрмет көрсету, сондай-ақ Отанымыздың тарих беттерінен алынған жағдайларды суреттеп көрсету.

Осы 75 күн ішінде Жеңіс Туы Павлодар ауданының барлық мектептеріне жетіп, әр мектеп 3 күн ішінде маңызды іс-шараларын өткізеді де, төртінші күні жауапты мектеп көрші мектепке табыстайды.

Іс-шара барысындағы барлық әндер «Вальс 41- го года», «Священная война», «Дети Войны», «Бухенвальд»- лагеря смерти, «Мишка одессит» хореографиялық қойылымдар мен соғыс жылдарындағы жағдайларды бейнелейтін видеороликтермен сүйемелденіп отырды.

Акцияның соңы «75 жыл» Жеңіс Туын 10 сынып оқушысы ҰОС ардагерінің шөбересі Шишко Захар «Кеңес солдатының» бейнесін сомдап,  Черноярка мектебінің оқушысына табыстады.

Акцияның соңында қатысушылар мен қонақтардың барлығы гүл шоғырларын Даңқ Обелискіне апарып, мейірімділік пен жақсылықтың символы болып табылатын ақ түсті шарларды көк аспанға жіберді.