image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

⚜️Бүгін қазақтың бас ақыны,ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының күні.Абай күні қарсаңында Абай өмірімен,Абай атамыздың шығармашылығы жайында сөз қозғамақпыз.

⚜️Бүгін қазақтың бас ақыны,ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының күні.Абай күні қарсаңында Абай өмірімен,Абай атамыздың шығармашылығы жайында сөз қозғамақпыз.
⚜️Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз бай­ла­нысты, ал даналығы қа­зір­гі заманмен үндес. Абай шығар­машылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді өзің талдап тазаруға итермелейді.
⚜️Кемеңгер бейнесі көптеген аса көрнекті ақындар мен жазу­шылардың, суретшілердің назарын аударып келеді. Ұлы ақын өз дә­уі­рінің ар-ожданы бол­ған сол кезеңдегі қазақ қо­ғам­дық ойы мен әдебиеті Абай есімімен тығыз байланысты болды.
⚜️Алаш қозғалысының 100 жылдығы аталып жатқан кезде біз Абай­ды және оның бай мұ­­ра­­сын қазақ халқының ру­­ха­ни әлеміне қоса отырып, Алаш қай­рат­керлерінің ел тә­уел­­сіз­дігі жолында өз із­гі мұрат­­­тарын тауып, ұлт пен Ота­­нын сақтау үшін кү­рес жүргізгендерін айқын сезіне­міз.
⚜️Абайдың алғашқы өмір­баянын Алаш қозғалы­сының көшбасшысы, белгілі экономист, тарихшы, әдебие­тші, пуб­лицист, журналист, аудармашы Әли­хан Бөкей­ханов жазған болатын. Ә.Бөкей­ханов­тың орыс тілін­де жазы­лып, 1905 жы­лы «Семи­палатинские ведомос­ти» газе­тін­де жарияланған «Абай (Ибра­һим) Құнанбаев» ат­ты мақаласы ұлы ақын туралы тұңғыш та анағұрлым толыққанды ғылыми еңбек болып табылады. Кейін бұл ма­қала Абайдың портретімен бірге 1907 жылы «Записки Се­ми­палатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского русского географического общества» журналында жарияланды.