22 қарашада Мичурин жалпы орта білім беру мектебінде «11-сыныптарда қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық»тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа ата-аналар, 11-сынып түлектері және пән мұғалімдері қатысты. Күн тәртібінде мектеп директоры қорытынды аттестаттауды өткізу қағидаларын, ҰБТ өту қағидаларын сондай-ақ емтихандарды тапсыру күндері мен консультациялар кестесімен толық таныстырды.Ата-аналарға баланың емтиханға дайындалуына қалай көмектесуге болатындығы туралы кеңестер берілді.