Еріктілер қозғалысы
Мектебімізде аға ұрпаққа деген құрмет әрбір оқушының мектеп өмірінен бастап қалыптасады. Мектебімізде қарттарды мейіріммен қоршау жақсы дәстүрге айналған.
Сонымен, 6 ақпанда 5-6 сынып оқушылары, «Болашақ» жасағының құрамындағы еріктілер Владимир Петрович Осмушкоға көмек көрсетті. Қыстың соңғы айы қатты қарлы болғандықтан, біздің ұжым қар тазалау жұмыстарын ұйымдастыруды жөн көрді.
Атасы балаларға алғысын білдіріп, денсаулық, жақсы баға алуларын тіледі. Балалар өз кезегінде әрқашан адамдарға көмектесуге, аға ұрпаққа құрметпен қарауға уәде берді.