image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Жас мамандар форумы

№2 Чернорецк орта мектебінің жас мамандары: НВТП мұғалімі Ксонов Е.Е., физика пәнінің мұғалімі Қабдығали Д.Т. және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Темиргалиев О.М. — Павлодар облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Даму кеңістігі» жас мұғалімдер форумына қатысты.
Шара 14 желтоқсан күні Шақат орта мектебінде өтті. Форум барысында қатысушылар пікір алмасып, шақырылған спикерлер сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, оқу үдерісіне қатысты мәселелер сараланған жас мамандарға арналған тақырыптық алаңдар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар жас мамандардың ынтасын арттыруға, тәжірибе алмасуға, топтық жұмыс пен шешім қабылдауға, көшбасшылыққа ұмтылуға оң әсер етеді.