image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Жыныстық тұтастық

«№ 2 Чернорецкая орта мектебінде» кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша 5-11 сынып қыздарымен әңгімелесуді ПҚБ инспекторы Тоқтарбаева Әлия Сұңқарбекқызы, Шакарова Лаура Қабдылқадырқызы жүргізді.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіздік ережелерін тізіп берді. Көшеде, үйде қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын ұстанып, қауіпті алдын ала білу, мүмкіндігінше оны болдырмау, қажет болған жағдайда әрекет ету керектігін атап өтті.
Кездесу барысында полицейлер жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтты.
Шара соңында ПДҚ инспекторлары мұндай кездесулердің аса маңызды екенін, ауыр қылмыстардың алдын алуға ықпал ететінін атап өтті.
Сонымен қатар, ата-аналарға жүгінген кезде, ересектер баламен сенімді қарым-қатынаста болуы керек, осылайша балалар өздерімен болған барлық нәрселер туралы айтып беруі керек. Бала үлкендердің оны әрқашан қолдайтынын білуі керек.