Шахмат турнирі
Жасыратыны жоқ, шахмат ең көне үстел ойындарының бірі. Ойын логиканы, есте сақтауды, зейінді, мінезді дамытуды, мақсаттылықты, жүйелі ойлауды, т.б. Сол себепті «№2 Чернорецк орта мектебінде» Д.Д.Бишелдің жетекшілігімен шахмат үйірмесі жұмыс істейді.
2022 жылдың 13 желтоқсанында №2 Чернорецк орта мектебінде Тәуелсіздік күніне арналған оқушылар арасында шахматтан турнир өтті. Ойын барысында келесі оқушылар үздік болып шықты:
1 орын – Мағауин Руфат, 5 «Б» сынып оқушысы
2 орын – Лецко Ирина, 6 «Б» сынып оқушысы
3 орын – Рахытов Аян, 7 «А» сынып оқушысы
4 орын – Дмитрий Середкин, 5 «Б» сынып оқушысы
Турнир қорытындысы жарияланғаннан кейін турнир жеңімпаздары қатысқаны үшін естелік сыйлықтармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.