Қайырбаев Махмет Қайырбайұлы
№2 Чернорецк ЖОББ мектебінің оқушылар арасында АӘТД пәнінің мұғалімі Али Омерзакович Сулейменовтың жетекшілігімен, Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына арналған патриоттық сағаты өтті. Оқушылар М. Қайырбаевтың ерлік жолымен танысып, қызыуғышылықпен батыр туралы еңбектерді оқыды.
Махмет Қайырбаев 1925 жылы қаңтардың 1-і күні Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосында дүние есігін ашып, 1996 жылы Павлодар қаласында өмірден өткен. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, артиллерия командирі.
Қазақ баласы мектептен кейін Павлодар педагогикалық училищесін бітірді. Соғыс басталғанға дейін Семиярка селосындағы мектепте мұғалім болды. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы тамызда шақырылып, артиллерия училищесіне жіберілді. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдан бастап қатысты. 17-ші танкіге қарсы ататын артиллериялық жеке бригаданың құрамында болған.
Қайырбаев 18 жасында Александр Невский орденінің иегері атанды. 1944 жылдың 19 тамызында Литвадағы Шяуляй қаласының батыс жағында болған ұрыста жау әскері танкімен шабуылға шығып, Кеңес әскері қорғанысын бұза жарып, Шяуляй қаласына кіруге ұмтылды. Қайырбаев өзінің 15 жауынгерімен қоршауда қалып, шайқасып жатқан полк батареяларының біріне көмекке келді. Қайырбаевтың басшылығымен жауынгерлер жаудың 7 шабуылына тойтарыс беріп, бір батальон әскерін жойды. Кескілескен осы шайқаста ержүрек Қайырбаев бастаған жауынгерлер Шяуляй қаласына өтер жолды жапты. Қайырбаевқа көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945).
Соғыстан кейін ол Павлодар облысында партия қызметінде болды. Тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін екі рет Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды.