image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Лента победы
image
25-летие конституции РК
image
Балалар жылы

image

Таза жағалау

Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат — кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа  немқұрайлы  қарау, онымен санаспау — ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.  №1 Чернорецк мектебінің оқушылары мен мұғалімдері және ауыл әкімдігінің бір топ қызметкерлері өткен жұма күні «таза жұмалық»  жұмыстарын жүргізді. Өзен жағалауына демалуға келген адамдар мен балықшылардан кейінгі қоқыс бір төбе болып үйіліп калған екен. Оқушылар қоқыстарды қаптарға салып, тракторға артты. Бұл игі іс әлі де жалғасын табады.

 

dav

dav