Ауданға 90 жыл
Павлодар ауданының 90 жылдық мерей тойына орай, әр ауыл да осыған байланысты мерекелік іс- шаралар ұйымдастырылды. Мерекенің шарықтау шегі қарашаның 17-сі күні біздің Чернорецк ауылмызда өтті. Ауылымыздың мәдениет үйінде ауқымды іс-шара өтті десек, артық айтпаспыз. Мектептің ұстаздары мен оқуышылары ауылымыздың құрылу жолындағы қазақ халқының басынан өткен қиын қыстау заманды көрініс арқылы көрсетіп, жиналған көпшіліктің есіне өткен күндерден бір белгі қалдырды. Ұстаздар қауымы 4 топқа бөлініп, ауыл құрылғанға дейінгі тарихи оқиғалардан сыр шертті. Ашаршылық , күштеп қоныстандыру, ҰОС жылдарын және тың және тыңайған жерді игеру кезін сахыналады.