image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Лента победы
image
25-летие конституции РК
image
Балалар жылы

image

Сыңғырла соңғы қоңырау!

№1 Чернорецк ЖОББ мектебінде  соңғы қоңырау мерекесіне арналған «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты тік жиын өтті. Мереке  мектеп оқушыларынан құралған домбырашылар ансамбльінің  «Тепең көк»  күйімен ашылып, үздік оқушылар мен ұстаздардың жыл бойы атқарған жұмыстарына мадақтау қағаздары мен алғыс хаттарын татарумен жалғасын тапты. Мерекеде  даярлық сынып оқушыларының биі  жиналған жұртты таң қалдырды. Биылғы мектеп түлектерінің әсем биі мен әсерлі ізгі тілектері ұстаздар мен ата-аналардың жүрегінен елжіретіп, қимастық сезімге бөледі. Мереке соңында түлектер тілек жазылған шарларды көкке ұшырып, ұстаздарды  соңғы вальске шақырды.