image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

 

 

 

 

                    

№ 1 Чернорцк ЖОББ мектебінің 10-орыс сыныбының оқушысы  Жанат Абикеев физика пәнінен  «Жұлдыздар жарқырайды»  атты облыстық  жас  астрономдар слетінде ауданымыздың намысын қорғап, үшінші жүлделі орынға ие болды. Бұл сайысқа Жанат  «Күн көзінің жүйесі»  тақырыбына бейнеролик дайындап, «Ғаламшарда біз жалғызбыз ба?»  тақырыбына эссе жазды. Жанатқа  бұл  жобаны дайындауға  физика пәнінің мұғалімі  Гульзия Бейсембеқызы  Жумабаева жетекшілік етті. Гульзия Бейсембекқызының айтуынша, жас астрономдар бір-біріне қызықты бейнероликтер көрсетіп қана қоймай, тәжірибелерімен алмасты.Сайыс барысында шәкіртінің  жүлделі орынға қол жеткізгені үшін, Жанаттың  «Күн көзінің жүйесі»  жобасын жасап, дайындалған бейнематериалы жоғары деңгейде қорғай білгені үшін ұйымдастырушылар және қазылар алқасы  мұғалімге «Алғыс хат»  табыстады.