image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Ата-аналар назарына ❗❗❗

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

СІЗДЕРДІ БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ ​ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕКЕНДІКТЕРІҢІЗДІ ЕСКЕ САЛАМЫЗ!

АТА-АНА МІНДЕТТІ:

✅Баласының тәрбиесімен айналысуға;

✅Баласының ​ денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасауға;

✅Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар, заңды өкілдер балалардың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ.

✅Балаларды тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін қорлайтын немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті болғызбауға тиіс.

✅Өз баласының құқығын бұзатын ата-аналар мен заңды өкілдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127 бабына сәйкес – ата-аналардың немесе кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдерінің бала күтімі жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 141 бабына сәйкес балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!

Балалардың дені сау болуы үшін күнделікті өмірде оның тұрмыстық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірқатар ережелері мен шарттарын есте сақтау қажет:

✅балаңыздың бойындағы жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастырыңыз;
✅ өмірінсақтауға көмектесетін маңызды ережелерді түсіндіріп, балаңызбен жеке әңгімелесу өткізіңіз;
✅Есте сақтаңыз! Кешке және түнде (жергілікті уақыт бойынша сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін) балаларға көшеде ересектердің қарауынсыз болуға заң жүзінде тыйым салынады;
✅баланың қайда және кіммен бірге жүргенін екенін үнемі біліп, балалардың тұратын жерін бақылаңыз;
✅бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз. Егер балаға «біреу» оған зиян тигізгісі келсе, «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз;⤵️⤵️⤵️