«Биік талғамды ұрпақ» жобасы аясындағы жоспары бойынша «Қаржылық сауаттылық — табыс кепілі» тақырыптық бөліміне сәйкес 8-сыныпта «Отбасы бюджетін — саналы жоспарлау» тақырыбына танымдық ойыны өткізілді. Ойынның басты мақсаты балалар «Отбасылық бюджет» сөзін қаншалықты түсінетіндігін білу, ақшаны үнемдеудің және отбасы бюджетін — саналы жоспарлаудың тиімділігі. Оқушылар өз отбасылық кірістер мен шығыстардың құрылуы қаншалықты тиімді және дұрыс екендігін әр түрлі мысал ретінде көрсетті. Оқушылар отбасылық бюджетті — саналы жоспарлау үшін ата-аналарға қалай көмектесуге болатынын айтты.