Демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Каникул кезінде балалардың демалысын қамтамасыз ету үшін, оқушылар мен ата-аналар техника қауіпсіздігін қатаң түрде бақылап, орындауы қажет. Денсаулыққа зиян келтіретін жағдайларды болдырмау мақсатында өрттен сақтану, көшеде жүру ережелерін қатаң сақтап, ересек адамдарсыз ауылдан тыс жерлерге шығуға тыйым салыну керек.
Жол бойында қимыл- ойындарын ойнауға тыйым салынған жөн. Ауыл жанынан өтетін автомашина трассасының бойында оқушылардың белгіленген жерлерден өтуін қадағалап, бақылау керек.
Ертіс өзенінен сақтану. Электр тогы жүретін трансфорлардан сақтану.
Құрылыс алаңының маңынан өткенде қауіпсіздікті сақтап, көшеде бос жүрген иттерден сақтандырып, олардың қырағы болуын қадағалаған жөн. Сонымен қатар әрбір ата- ана балалардың есіне оларға не істеу керектігін, нелерден сақтану керектігін үнемі естеріне салып отыруы керек. Тыйым салынған жағдайларды болдырмауға тырысу қажет.
Көктемгі мезгілде сағат кешкі 21-ден кейін оқушылардың көшеде ересектерсіз жүруіне тыйым салынған.
Демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына ата- аналар жауапты.