«Дені саудың — тәні сау»
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. Достық мектебінің оқушылары да, әр күн сайын таңертеңгі жаттығуларды бүкіл мектеппен жұмыла жасайды. Жаттығудан кейін олардың сабаққа деген ынтасы, құштарлығы арта түседі. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы.