image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Достық әнін шырқайық»

2019 жылы 30 сәуір күні Достық мектебінде «Достық әнін шырқайық» атты 1 мамыр  — Халықтар бірлігі мерекесіне арналған концерттік бағдарлама өткізілді. Оның мақсаты: балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.                              Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы, — дей отырып, бастауыш сынып оқушылары орыс ұлтының биін және жоғары сынып оқушылары өзбек ұлтының билерін тамашалады. «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Н.Ә.Назарбаев айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.