image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Мектепке жол» акциясы

2021 жылдың 1 тамыздан 15 тамызға дейін дәстүрлі жалпы республикалық «Мектепке жол»қайырымдылық акциясы басталады. Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу. Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз, оның Мектепке жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара аламыз! Барлықтарыңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз! «Павлодар ауданының Достық НЖББМ» КММ біздің ауылдың барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосу ұсынысымен жүгінеді. Акцияға қосылғысы келетіндердің барлығын «Павлодар ауданының Достық НЖББМ» КММ сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.
8 (71845)41-393