image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Мен қоғамға қажетпін» әлеуметтік жобасы

«Павлодар ауданының Достық негізгі жалпы білім беру мектебі»ММ

 

 

Сыныптар:    5-9.

Мұғалім:     өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Жарылгапова М.С.

Өткізу уақыты:  сабақтан тыс уақытта

 


Жобаның тақырыбы:   «Мен қоғамға қажетпін»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды мейірімді болуға, қамқорлық көрсетуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Мейірімділікті білу іскерлігін дамыту. Халықтың тілін, салт-дәстүрін оқушының бойына сіңіру. Оқушыларды елжандылыққа, достыққа, қамқорлыққа баулу.

Тәрбиелік: Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобаның мақсаты келесі міндеттерді шешуде іске асады:

  1. Оқушылардың  жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету
  2. Балалардың қоршаған әлеуметтік-мәдени және табиғи ортамен үйлесімді байланысын, этикалық мәдениетін, адамдарға,өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыру
  3. Оқушыларды адамгершілік нормаларымен, көмек жасау, құрметтеу, адалдық- адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту
  4. Азаматтық, патриоттық, мәдени сапаларын арттыру

 

Жобаның өзектілігі:

Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептер тұрғысынан «бұзақы» жасөспірімдер саны артуда. Осыған байланысты оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес  қарттарға, мұқтаж адамдарға көмек жасау арқылы тәрбиелеу.

 

Күтілетін нәтижелер:

  1. оқушылар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қарттарға, мұқтаж адамдарға қайырымдылық жасайды;

 

  1. оқушылардың бойында сезімталдық, қайырымдылық, жанашырлық сезімдері  дамиды;

 

  1. балалар қайырымды, мейірімді  болып, айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, қамқорлық  жасауға әзір тұрады;

 

  1. Балалар әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды,

бір- бірін  қадірлейді.

  1. қамқорлық жұмыспен араласқан, көзбен көрген балалар  келешекте ел қамын ойлайтын, қайырымды бо­луға барынша тырысатын ұлағатты ұрпақ болады.

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

Жоспарлагған іс-шаралар

 

Өткізу әдісі Өткізу уақыты Ресурстар Жауапты
1 «Қайырымдылық – адам  жанының  нұры» тәрбие сағаты қазан айы презентация, слайд, аңыз әңгімелер, өлең, ән өзін-өзі тану

мұғалімі

2 Жалғыз тұратын қарт  адамдарға және мұқтаж  адамдарға көмек көрсету жұмысы Көмек көрсету Қазан айында 2 рет   өзін-өзі тану

мұғалімі

3 «Табиғатқа қамқорлықпен қарайық» «Жас еріктілер» тобымен көшелердегі қоқыстарды жинау қараша  

 

өзін-өзі тану

мұғалімі,

аға тәлімгер,

 

4 «Таза сенбілік» Мектеп алаңын жинау қараша  

 

өзін-өзі тану

мұғалімі, сынып жетекшілер, аға тәлімгер

5 «Қайырымдылық кереуені» көмек көрсету акциясы  

көмек акциясы

қараша   ауылдағы қожа-шаруашылықтар
6 «Менің сүйікті атам мен әжем» атты сурет және фотосюжет сайысы сурет сайысы желтоқсан ата-әжелерінің фотолары, суреттері  

Жарылгапова М.С.

Тембаева С.А.

7 «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» тақырыбына шағын шығарма жазу эссе желтоқсан    қағаз А4, қалам  

Жарылгапова М.С.

8    «Тәуелсіздік күніне» арнайы қарт және мұқтаж адамдарға арнайы мерекелік концерт  

концерт

желтоқсан «Тәуелсіздік күніне» арналған ұлағатты сөздер, ән, өлең  

Аға тәлімгер, өзін – өзі тану мұғалімі, сынып жетекшілер

9 Қарт адамдардың ауласын қардан тазалау көмек жұмысы қаңтар «Жас еріктілер» тобы Жарылгапова М.С., аға тәлімгер
11 Жалғыз тұратын қарт  адамдарға және мұқтаж  адамдарға көмек көрсету жұмысы  

Көмек жұмысы

 

ақпан

«Жас еріктілер» тобы  

Жарылгапова М.С., аға тәлімгер

12 Әйелдер күніне арналған «Нағыз әже» атты мерекелік сайыс  

сайыс

 

наурыз

 

мақал-мәтел

Аға тәлімгер, өзін – өзі тану мұғалімі, сынып жетекшілер
13 «Таза болса табиғат,

Аман болар адамзат қамқорлық»

 

Ағаш отырғызу, құстарға ұя жасау

 

сәуір

 

 

Жарылгапова М.С., Тембаева С.А., аға тәлімгер
14 «Женіс күніне» арнайы  митинг және мерекелік концерт  

митинг

мамыр  

қалампыр гүлдері

Аға тәлімгер
15 «Жас еріктілер» тобымен атқарылған жұмыс бойынша қорытындылау  кезеңі    

мамыр

  Жарылгапова М.С.