«Чернобыль апаты» он мыңдаған қазақстандықтардың түбіне жетті. Әлем тарихындағы алапат апаттың зардабын әлі күнге дейін шегіп келеді. Осыдан 35 жыл бұрын, яғни 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогі жарылды. Апаттың зардабын жою жолында жүз мыңдаған сарбаз отан алдындағы борыштарын атқарды. Алайда АЭС сепкен ажал уынан құтыла алмады». Осы тақырыпқа байланысты 9-сыныпта тәрбие сағаты өткізілді. Өткізген: география пәнінің мұғалімі — Абильдинова А.Б.