image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келе жатқан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. “Халық жауларын” анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.