image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Лента победы
image
25-летие конституции РК
image
Балалар жылы

image

 

Балалар өнер мектебінің Музыкалық бөлімінде білім алушылар биылғы қаңтар-ақпан айларын академиялық сынақ тапсырумен өткізді. Музыкалық бағытта беріліп жатқан білім сапасының деңгейін айқындауды көздеген сынақ 2023 жылдың 16 қаңтардан бастап, 6 ақпан аралығында жүзеге асырылды. Атап айтсақ, өнер мектебі музыка бөлімінің негізгі ақылы сыныбында оқитын 87 оқушы домбыра, қобыз, гитара, фортепиано, вокал және домбырада ән айту бағыттары бойынша академиялық тыңдалым сынағын тапсырды. Мәселен, оқу жылының I тоқсанында 67 оқушы техникалық сынақтан өткен болса, ІІ тоқсанда 76 шәкірт академиялық тыңдалымға тартылды. Cынақ нәтижесінде беріліп жатқан білім сапасының деңгейі 97%-ды ,ал оқу үлгерімінің сапалық көрсеткіші 100%-ды көрсетті.
Тұтастай алғанда, Павлодар ауданы Балалар өнер мектебінің музыкалық бөлімінде жалпы саны 400, соның ішінде 87 оқушы негізгі сыныпта қосымша ақылы білім меңгеруде, ал үйірме бойынша қамтылған бала саны 313-ті құрайды. Мұның ішінде 45 оқушы домбыра, қобыз, гитара, вокал бөлімдерінде ұжымдық ансамбілде болса, тағы 118 оқушы домбыра, гитара, эстрадалық вокал және вокалдық балалар хорына, 150 оқушы ұлттық би, эстрадалық би және заманауи би үйірмелеріне топтастырылған. Бұлар негізінен тегін қосымша білім алады.
Бүгінгі күні өнер мектебінің базасында музыка бөлімінен өзге де бағыттар нәтижелі жұмыс жүргізеді. Мысалы, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, көркем-эстетикалық, гуманитарлық және әлеуметтік-педагогикалық бағыттарда 1000-ға жуық оқушы тегін қосымша білім меңгеруде.