7 ақпан күні Кемеңгер ЖОББМ базасында Балалар өнер мектебінде қосымша білім алып жүрген оқушылардың концерттік кеші және көркем көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шара қабілетті одан әрі ұштау бағдарламасының аясында өткізілді.
Бағдарламада түрлі үйірмелерге қатысатын жас таланттар өнер көрсетіп, өз жұмыстарын көрермен назарына ұсынды. Атап айтсақ, «Art school» заманауи би студиясы «Алға, Қазақстан!», «Биікке самға» билерін, «Эридан» эстрадалық би студиясы «Биле де ән сал» биін орындады. Сонымен қатар «Кемеңгер сазы» аталатын домбырашылар ансамблі халық күйі «Тепең көкті», Дәулеткерейдің күйі «Қос алқаны» төгілтсе, гитара және вокал сыныптарының оқушылары да шеберліктерімен көрерменді ерекше тәнті етті.
Сондай-ақ, бұл күні ұйымдастырылған көркем көрмеде «Акварелька», «Ғажайыптар шеберханасы», «Графика және кескіндеме» үйірмелері оқушыларының туындылары ұсынылды.
Шара барысында Павлодар ауданы Балалар өнер мектебі және ондағы үйірмелер туралы ақпараттар қамтылған буклеттер таратылып, жиылған қауым анкета толтырып, өз ойларын жеткізді. Осындай маңызды шараны ұйымдастырушылар – хореография оқытушысы— Умарбеков Рулат Қайыргелдіұлы, кескіндеме, графика, сәулет және интерьер дизайнының оқытушысы —Таиров Дильмурат Юнусович.