«Қош келдің, Жаңа жыл!- 2025» шыршасы

«Қош келдің, Жаңа жыл!» шыршасы 1-4 сыныптар арасында 2024 жылдың 2 желтоқсанның 27-і өтті.

ЖАҚСЫЛЫҚПЕН КЕЛ, ЖАҢА ЖЫЛ-2024!

Жаңа жыл – барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді мерекелердің бірі. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттағанды қалайды.

Шараның мақсаты- балаларымызды ғажайып әлемге саяхат құрғызып, жаңа жылдық көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Жоғары деңгейде өткен кеште ғажайыпқа толы қойылымдар қойылып, мектеп ұжымы және ата-аналары мерекелік думанды жандандыра түсті. Балаларға кеңінен таныс ертегі кейіпкерлері, жаңа жылдың символына айналған Аяз ата мен Ақшақар шырша қуанышын бірге бөлісіп, балаларға әртүрлі ойындар ұйымдастырды. Одан бөлек, балғын балақайлар өз өнерлерін көрсетіп, Аяз атаның тәтті сыйлығына кенелді. Ескі ұлу жылын ризашылықпен шығарып салған балалар жылан жылын ыстық ықыласпен қарсы алды.