«Жаңару күні»

\
Коряковка бастауыш мектебінде 2025 жылдың 19 наурыз күні Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес Наурыз мейрамын тойлау аясында » Жаңару күні» атты тәрбие сағаты өткізілді.
19 наурыз Жаңару күні жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді. Бұл – көктемгі жаңару мерекесі. Табиғат өзгеріп, өмір қайта жанданады деп саналады. Жаңару күні ел өміріндегі және әрбір азаматтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Наурызнаманың әр күні елімізде игі іс-шаралармен жалғасып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп жатыр. Бұл күні үлкендер ағаш егіп, ұрпағымыз көктеп, көгерсін деп ниеттенеді. Көктеп, көгеру дегеніміз – ұрпақтың өніп-өсуі.
#nauryzсалтдәстүр
#bilim_наурыз2025_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl
@bilim_pavlodar_audany