«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы


Павлодар облысында 2025 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіледі.

Іс-шара аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларды, жетім балаларды, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Шараны жергілікті атқарушы органдар, білім беру басқармасы, қоғамдық және еріктілер ұйымы ұйымдастырып отыр.

Мақсаты – әрбір баланың жаңа оқу жылын сенімділікпен, бар ытасымен бастауына жағдай жасау.

Акция аясында қайырымдылық көмек көрсету үшін демеушілер, әлеуметтік серіктестер, мемлекеттік құрылымдарды тарту жұмыстары жүргізіледі.
Елді мекендердегі мектептерде, сауда орталықтарында және әлеуметтік мекемелерде көмек қабылдау пункттері құрылады.

Азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім беру бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.

Білім беру басқармасы Павлодар облысының тұрғындарын бей-жай қарамауға және өскелең ұрпақтың гүлденген болашағына лайықты үлес қосуға шақырады.