«Ұлттық киім күні»


Коряковка бастауыш мектебінде 2025 жылдың 18 наурыз күні Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес Наурыз мейрамын тойлау аясында «Ұлттық киім күні» өткізілді.
⚜️Ұлттық киім — қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек.
⚜️Қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен, ерекшелігімен ғасырлар бойы тамсандырып келеді.
⚜️Бүгін — халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігіне, қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.
#nauryzсалтдәстүр
#bilim_наурыз2025_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl