» Ұлттық спорт күні»

Коряковка бастауыш мектебінде 2025 жылдың 20 наурыз күні Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес Наурыз мейрамын тойлау аясында » Ұлттық спорт күні» атты іс-шара өткізілді. Бұл мейрам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға және жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеуге шақыруға арналған.

Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері – тек ойын-сауық қана емес, сонымен қатар жауынгерлік рухты оятатын, ептілік пен батылдықты талап ететін өнер.

Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішінде көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, жамбы ату, аударыспақ сынды ойындар ерекше орын алады.

#nauryzсалтдәстүр
#bilim_наурыз2025_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl
@bilim_pavlodar_audany