Уақытша ваканттық орын жайлы
Вакансия конкурс
Павлодар облысыбілім беру басқармасы Павлодар ауданының білім беру бөлімінің Набережное ауылының «Балбөбек» сәбилер бақшасы » коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 01.09.2022-15.09.2022 жыл аралығына тәрбиешінің уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Павлодар ауданы білім беру бөлімінің Набережное ауылының «Балбөбек «сәбилер бақшасы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мемлекеттік тілде оқытатын тәрбиеші.
Байқаудың өтетін орны мен күні: индекс 140000, Павлодар облысы, Павлодар ауданы,Набережное ауылы, Мира 18A Байланыс телефоны: 8 (71845) 40-474 Электрондық мекен-жайы: : naberegnoebalbobek@yandex.kz
Өтінімдерді қабылдау мерзімі және орны:»Набережное ауылының «Балбөбек «сәбилер бақшасы» КМҚК Конкурсқа қатысу үшін қажетті өтінімдер сайтта конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап ұсынылуы тиіс «Enbek.kz ресми сайтында және Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар ауданы білім беру бөлімінің Набережное ауылының «Балбөбек «сәбилер бақшасы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының 4-параграфына сәйкес
Лауазымдық міндеттері: Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, жас тобының үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны құрады, балалар қызметіне (ойын, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек) басшылық етеді.
Балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады. Дамуында ауытқулары бар балалар мен түзету қызметі саласындағы
Мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім алу қажеттіліктерін ескере отырып тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлайды.
Қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды.
Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерттеу, жалпылау, тарату және енгізумен айналысады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда «құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілері;
Психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар, санитариялық қағидалар; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.
Біліктілікке қойылатын талаптар: мектепке дейінгі педагогикалық орта арнаулы немесе мектепке дейінгі педагогикалық жоғары білім ,еңбек өтіліне талаптар қойылмайды;
Құжаттар тізімі:
1) Қағидаларға №10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы.
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;
6) ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175\2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7) ҰБТ сертификаты
8) Психоневрологиялық ұйымынан анықтама
9) Наркологиялық ұйымынан анықтама
Ақпаратты нақтылау үшін: Мекен-жайы: Павлодар облысы, Павлодар ауданы,Набережное ауылы, Мира 18A Байланыс телефоны: 8 (71845 40-474) Электрондық мекен-жайы:
naberegnoebalbobek@yandex.kz