Ақ бота»сәбилер бақшасында «Сабын көпіршіктері» күнінін атап өтті,іс-шараның басты қонағы сайқымазақ болды.Қөнілді музыканың сүйемелдеуімен балалар сабын көпіршіктерін үрледі.Іс-ара өте қызықты .
«Қош бол,балабақша»
«Ақ бота» сәбилер бақшасында «Қош бол,балабақша» атты ертеңгілік өтті.Балабақша түлектері және олардың ата-аналары, педагогтері үшін өте маңызды күн,біздің мәрелеп,күтіп тірбиелеген кішкентай бүлдіршіндеріміз ұямыздан ұшырап,мектепке шығарып салып отырмыз
«1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні»
Ынтымақтыққа,достыққа,өз Отанын сүйге,қорғауға тәрбиелеу.Біздің елімізде түрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін ,өзін үлгі-өнегесін балалардың бойына сіңіру.Бүлдіршіндеріміз әр ұлттық киімдерін киіп,өлең айтты,би билеп, тақпақ оқыды. Өзге ұлтқа деген өз сүйіспеншіліктерін білдірді.Қазақстан көп ұлтты көрінісін көрсетті.Балалар тамаша көніл күйде болды.
Мектепке дейінгі балалар шығармашылығының ХХІV » БҮЛДІРШІН» облыстық фестивалі аудандық кезеңінің оркестр және вокал жанрына «Ақ бота»сәбилер бақшасының тәрбиеленушілер қатысты.Құттықтаймыз!
«Ұйымдастырылған іс-әрекет»
«Менің Отаным- Қазақстан»
25-қазан Республика күніне орай барлық топтарда іс-шаралар өткізілді.»Менің Отаным-Қазақстан» атты балалар мен ата-аналардың бірлескен сурет-жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Республика күніне орай тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер челенджге қатысты. 25-қазан Республика күніне орай барлық топтарда ертеңгіліктер өтті.
«Алтын күз»
КМҚК «Ақ бота» сәбилер бақшасында ертеңгілік өтті.Барлық топтар күзгі мереке күніне белсенді қатысты. Балалар сурет салды, ата аналарымен бірге күздің сыйлықтарынан жалған істер жасады. Конкурсқа «Күз аруы» аналар қыздарына сәнді күзгі костюмдер жасады, олар өз костюмін бәріне көрсетті.Мереке жылы жағдайда өтті, балалар жақсы ән айтты, би биледі, өлең айтты. Мереке көңілді өтті.
«Ақ бота сәбилер» бақшасында «Үйшік» акция өткізілді. Ата-аналар балалармен үйде көктемде келетін құстарға үйшіктерді жасап, балабақшаға әкелді. Балалар үлкендермен бірге үйлерді орнатуға қатысты.Балалар мен ересектер бұл акциядан қуаныш алды. Ата-аналар сізге көп-көп рахмет!
Біздің тәрбиеленушілер «Бүлдіршін кітапшасы» конкурска қатысты. Шайдолда Ерназар конкурста 3 орын үшін мақтау қағазын алды.
КМҚК»Ақ бота»сәбилер бақшасында сөйлеу ақаулары бар тәрбиеленушілерге логопедиялық пункт өз қызметін жүзеге асырылады.Кабинет логопедтік қызметін көрсету үшін толыгымен жағдайы жасалған және қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Балалармен педагог-логопед Тусупова Сабина Бахтиярқызы жүргізеді.