Павлодар облысы білім беру басқармасы «Павлодар ауданының білім беру бөлімі» ММ ұйымдастыруымен Новочерноярка ауылы «Балапан» сәбилер бақшасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған аудандық әдістемелік алаңшасы өткізілді. Осы әдістемелік алаңшасында «Ақ бота» сәбилер бақшасының тәрбиешісі Кудайбергенова Ж.Ш. «Мектепке дейінгі ұйымдарда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асырудың тиімді жолдары» тақырыбы бойынша өз тәжірибемен бөлісті. Кудайбергенова Ж.Ш. баяндама кезінде слайд арқылы өз жұмысында бұл бағдарламаны нақты бейімделу жолдарын көрсетіп, тәрбиелеу процесіне дұрыс еңгізу тәсілдерін түсіндіріп берді.Сонымен қатар, өз қолымен жасалған дидактикалық материалдар, әдістемелік құралдарын көрсетіп берді.
Педагогикалық кеңес №2
«Ақ бота» сәбилер бақшасында педагогикалық кеңес өткізілді.Тақырыбы: «Мектепке дейінгі мекемеде білім беру тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру мақсатында тәрбиеленушілердің сөйлеу тілін,сөйлеу қарым қатынас мәдиниетін дамыту». Педагогтер білім беру-тәрбиелеу процесіндегі өз тәжірибесімен бөлісті.Сонымен қатар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске арыруды жолдарымен бөлісті.
2024 жылғы 23 мамырда Чернорецк ауылы,»Ақ бота » сәбилер бақшасында Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған «Ойын технологиялар арқылы мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту» тақырыбы бойынша қорытыңды аудандық семинар өткізілді.
Мектепке дейінгі балалар шығармашылығының ХХІV » БҮЛДІРШІН» облыстық фестивалі аудандық кезеңінің оркестр және вокал жанрына «Ақ бота»сәбилер бақшасының тәрбиеленушілер қатысты. Құттықтаймыз!