«Рухани жаңғыру»болашаққа бағдар

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» мақаласының негізінде сәбилер бақшамызда ересек тобында жас маман Орунбасарова Гүлзада  «Рухани жаңғыру»атты сабақ өткізді. Жас өспІрІм балаларға қазақи салт дәстүрді және де рухани құндылығымызды танытып,болашақта өз ұлттының жанашыры болуына тәрбиелі мақсат қойылды.Балалардың тек интернетпен шектеліп қоймай , жан-жақты болуына көп ықпал жасалынды. Балалар өнер және ұлттық ойындар тарихы мен ережелерімен танысты. Балалардың бойында ұлттық санасы оятылды, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялатты.