Сәбилер бақшасында семинар-практикум өтті.

Кемеңгер ауылының “Аяла” сәбилер бақшасында мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған “Әр түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтарды меңгерту, адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуді дамыту” атты аудандық семинар-практикум өткізілді.
Семинардың мақсаты: Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіру, педагогтердің кәсіби деңгейінің шығармашылық жұмыстарын көрсету және іс-тәжірбиемен алмасу. Сәбилер бақшасының педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұйымдамстырылған іс-әрекеттерін көрсетті. Педагогтар өз қолдарыннан жасаған дидактикалық материалдармен және тәсілдерімен бөлісті, мысалы асық ойындары, фетрдан жасалынған қызықты тапсырмалары, арт, ертегі терапиялары, көптеген ұсақ қол моторикасына арналған ұлттық нақыштағы ойындар. Семинардың басында педагог-психолог психологиялық тренинг өткізіп, қорытынды кезінде рефлексия жасады. Сәбилер бақшасының әдіскері кері байланыспен семинарды аяқтады.