Қоштасу кеші

“Аяла”сәбилер бақшасы бүлдіршіндермен қоштасу кешін өткізді.Қоштасу кешіне жиналған ата-аналар балалардың дайындаған мерекелік концертін тыңдады. Қол ұстасып кезекпен шықққан түлектер өз өнерлерін көрсетіп, «Қош бол, балабақшам» әнімен бастады, “Теңізшілер”, “Медуза” билермен жалғастырды. Кеш соңында бүлдіршіндер ата-аналармен бірге вальс биледі. Түлектерінің талап-тілектері таудай болып, білімдері артып, сөз байлықтары молайып, саналары өсіп, есейіп қалғандарын айтып ата-аналары балабақша ұжымына алғастарын білдірді.