Ата — аналар жиналысы!

Тәрбиеленушінің отбасымен ынтымақтастық балабақша тәрбиешілері ұжымының қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.
Бұл жұмыс өзара әрекеттесудің әртүрлі формалары арқылы жүзеге асырылады. Осындай формалардың бірі ата-аналар жиналысы болып табылады.
Сондықтан балабақшада барлық топтарда ата-аналар жиналысы өткізілді.
Педагогтар балабақшадағы тәртіп туралы әңгімеледі, ата-аналарға бала тәрбиесінде кеңестер берді. Балалардың денсаулығын сақтау және жақсарту жұмыстарының маңыздылығына назар аударылды.