Бір шаңырақ астында
Барлық топ тәрбиешілер мерекелік ертеңгілікке дейін сценарий мен танысып, қажетті атрибуттарды дайындады. Ән күй жетекшісімен бірлесіп ән жаттап, билер үйренді.Кейіпкерлердің костюмдерін дайындады.Топтағы барлық балалар ұлттық киімдерде болды. Балалар залға жинақы кірді.Өлен шұмақтарын мәнерлеп, эмоционалды айтты. Барлық ересек топтары ән-ұранды жатқа біледі. Билерін жақсы орындады. Жүргізушілердің сөйлеу манері мәдениетті, эмоционалды, артық сөздері болған жоқ. Кейіпкерлер эмоционалды ойнады, балаларды қызықтыра алды.