Қош келдің Әз-наурыз!

Кемеңгер ауылының «Аяла» сәбилер бақшасында үлкен мереке — көктем келді! Шынында да, Наурызбен барлығы алғашқы жылы күндерді күтеді, олармен бірге қуанышты көңіл-күй мен амандық күтеді.Сәбилер бақшасының қызметкерлері ата-аналарға, балаларға Ұлыстың ұйытқысына айналған мерекенің басты мәзірі – Наурыз көже, бауырсақ, құрт, қаймақ тағы басқа ұлттық тағамдардан дастарқан жайылды. Келген қонақтардың ішінен ата-әжелері бата беріп, бейбітшілік, жақсылық пен өркендеуді тіледі.