Ата-аналар жиналысы
20.05.2022 ж. балабақша бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Балабақша басшысы А.С.Бойкова атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Тамақтану, кезекке тұру, демалыс кезендері жайлы ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Оқу-тәрбие жөнінде әдіскер М.М.Айдарханова есеп берді. Білім деңгейді пайыздық көрсеткіштермен айтып, ашық сабақтар, марапат-мадақтамаларға тоқталып өтті. Соңғы сөзді педагог-психолог А.И.Ешманова бейімделу диагностика жайлы баяндады. Балабақшаның ата-аналар комитетінің төрағасы Тельжанова А.К. белсенділік пен жауапкершілігі үшін алғыс хатпен марапатталды. Жиналыс соңы «Бүлдіршін» балалар шығармашылық байқауының қатысушаларының көрсетіліммен аяқталды.